Балаларды қорғау күніне орай жаңа әмбебап спорттық алаң ашылды

1 Маусым 2019, 10:54
3940
Бөлісу:
Балаларды қорғау күніне орай жаңа әмбебап спорттық алаң ашылды
PHOTO

ШҚО, BAQ.KZ. Халықаралық Балаларды Қорғау күні қарсаңында Семейде жаңа спорттық алаң ашылды. Әмбебап кешен №22 мектеп-лицей аумағына орналасты.

Балаларды қорғау күніне орай жаңа әмбебап спорттық алаң ашылды

1280 ш/м аумақты алып жатқан әмбебап спорттық және балалар ойын алаңы үш бөліктен - жылдың суық мезгілінде хоккей кортына түрленетін футбол алаңынан, балалар алаңынан және тренажерлар/workout-тан тұрады. Ойын алаңдары жасанды көгалмен, ал балалар мен жаттығу зоналары жарақат алудан сақтайтын резеңке үгіндіден жасалған жабын – тартанмен қапталған.

Қолжетімді жерлерде орнатылған алаңдар бұқаралық спортты дамытуға және тұрғындарды заманауи спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге бағытталған.

Балаларды қорғау күніне орай жаңа әмбебап спорттық алаң ашылды

Орнатылған жаңа кешен Семейдің жақын маңындағы аудандарының тұрғындарын, әсіресе жастарды тарту орталығына айналады және оларға өзінің спорттық әлеуетін іске асыруға мүмкіндік береді.

Алаңның салтанатты ашылуына Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов, Әлеуметтік жобаларды дамыту қорының Корпоративтік коммуникациялар департаментінің директоры Мирас Іргебаев, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының өкілдері, сондай-ақ жергілікті тұрғындар қатысты.

Балаларды қорғау күніне орай жаңа әмбебап спорттық алаң ашылды

«Samruk-Kazyna Trust» Әлеуметтік жобаларды дамыту қоры әмбебап алаңдарды орнату жобасын төртінші жыл қатарынан жүзеге асыруда. Бұл жобаның мақсаты - халықтың салауатты өмір салтын дамыту және олардың бос уақытын ұйымдастыру. Биылғы жылы бұл өңір бүкіл ел бойынша алаң ашуға бастама берді, жыл соңына дейін Қазақстанның барлық аймақтарында алаңдар саны 40-тан асатын болады», - деп атап өтті «Samruk-Kazyna Trust» Қорының ресми өкілі Мирас Іргебаев. 

Оның айтуынша, Шығыс Қазақстан облысында үш әмбебап алаң орнату жоспарланған.

Әмбебап спорт және балалар ойын алаңдарын орнату жобасын «Менің елім» Әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы аясында «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының атынан «Samruk-Kazyna Trust» Әлеуметтік жобаларды дамыту қоры жүзеге асырады.

Өзгелердің жаңалығы