Бас жаңалықтар
Балаларға арналған "Kishkentai" логопедиялық жиынтықтар жарық көрді
29 Ақпан 2020, 00:28 206

Балаларға арналған "Kishkentai" логопедиялық жиынтықтар жарық көрді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Белсен" әлеуметтік бастамалар орталығы" ҚБ-ның қазақстандық қоғамдық қызметкерлері балалардың сөйлеу қабілетін, шағын моториканы, дыбыс еліктеу дағдыларын дамытуға, тіпті көру қабілетін жақсартуға көмектесетін "Kishkentai" логопедиялық жиынтығын шығарды. 

Жинақтар өндірісі Алматы қаласында іске асырылады және мұндай жиынтықтың елімізде баламасы жоқ.

Әрбір жиынтықта екі тілдегі 15 ойын тренажерлері бар.

Айта кетейік, қазақстандық тренажерлердің жиынтығы шетелдік аналогтерден 8 есе арзан. 

Алғашқы тренажерлер тәжірибе ретінде жасалды және онда қателіктер болды, алайда уақыт өте келе, оқу құралдар ұқсас проблемалары бар басқа балаларға да пайдалы болады деген ой келді. Осылайша, анасының әуесқой жобасы басқа балалардың сөйлеу тілін дамытуға көмектесетін кәсіби жиынтыққа айналды. Негізгі жиынтықтарды сатудан түскен табыстың 10%-ын ерекше қажеттіліктері бар балаларды қолдауға бағыттайтын боламыз, – дейді "Kishkentai" жинағын жасаушылардың бірі Гүлмира Пармышева.
Бүгінде Қазақстанда сөйлеу қабілеті нашар 300 мыңға жуық бала бар. Ата-аналардың көпшілігі балаларды уақытылы түзету мәселелеріне, жеке мамандардың (логопедтердің, дефектологтардың) қызметтеріне жүгіну кезіне бағаның тым қымбаттығын айтып жатады. Дәл осы мәселе Гүлмира Пармышеваны КЕҰ құруға және ата-аналарға арналған логопедиялық жинақтарды іске қосуға итермеледі. Бұл жобаны жүзеге асыру үшін Гүлмира мен оның әріптесі Айгүл Мұстафина "Samruk-Kazyna Trust" әлеуметтік жобаларды дамыту қоры жүзеге асырып жатқан "Әрекет" жобасына қол жеткізді. 
1 сағат дамыту сабақтары орташа есеппен 4000 теңге тұрады, айына 80 мың теңгеден бастап. Ал бұл "Kishkentai" жинағы маманмен өткізілетін 3 сағат сабақтың құнымен тең.  Сонымен қатар мен балаға өз бетіммен көмек көрсете аламын, күнделікті онымен үйде айналысып, маман өткізетін сабақты ойын түрінде өткізе аламын, – дейді ерекше баланың анасы.

 Анықтамалық:

"Kishkentai" жобасының миссиясы – ерекше балаларды абилитациялау және түзетуде ата-аналар мен мамандарға көмектесу. "Kishkentai" жобасы 2018 жылдың көктемінде құрылды. 

2018 жылдың маусымында тыныс алу гимнастикасына арналған алғашқы аналогтері жоқ жиынтықтар шығарылды. 2019 жылы "Белсен" әлеуметтік бастамалар орталығы "Samruk-Kazyna Trust" Әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту қорынан әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған "Әрекет" жобасының грантына ие болды.


Фото: дереккөз
Загрузка...