Балаеваның төрағалығымен ақпаратқа қол жеткізу мәселесі талқыланып жатыр

12 Қараша 2020, 11:13
1849
Бөлісу:
Балаеваның төрағалығымен ақпаратқа қол жеткізу мәселесі талқыланып жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның төрағалығымен Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы онлайн өтіп жатыр.

Министр отырыста жергілікті мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің деректерін талдау қорытындылары мен пандемия жағдайында мемлекеттік органдардың журналистерге ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз ету мәселелері талқыланатынын айтты. 

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің  соңғы отырысында ақпаратқа қол жеткізу мәселесі талқыланды. Сондай-ақ, БАҚ өкілдерінен мәжіліс пен әкімдіктер отырыстарына қатысты шектеу қойылатыны туралы бірнеше  өтінім келіп түсті. Сондықтан бұл мәселе маңызды болып отыр, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы