Балаева жекеменшік БАҚ-қа қандай қолдау көрсетілгенін айтты

23 Қазан 2020, 14:22
1949
Бөлісу:
Балаева жекеменшік БАҚ-қа қандай қолдау көрсетілгенін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.

Мемлекеттік ақпараттық тапсырыс бойынша арнайы жұмыс тобы құрылды, олар жұмыс істеп жатыр. Оның барлығы нақтыланып, дұрысталады. Онда жекеменшік БАҚ-қа да қаражатты көрсету мәселелері бар. Ақпаратты сайт арқылы жедел жеткізу тиімді. Бұл мәселелерді топ қарап жатыр. Оның нәтижесін жылдың соңына дейін айтамыз. 2020 жылдың сәуірінен бастап қазанға дейінгі мерзімде жекеменшік БАҚ еңбекақы қорынан міндетті салық пен аударма төлеуден босатылды. Шілде мен желтоқсан айы аралығында 67 коммерциялық телерадио арнасы эфирлік цифрлық телерадио хабарларын тарату үшін ақы төлеуден босатылды. Меніңше, бұл - үлкен көмек, - деді ол. 

Балаева тағы қиын кезеңдер туып жатса, әріптестерге қолдау көрсетілетінін айтты. 

Сондай-ақ Балаева журналистің пандемия кезінде шыққан роликтерге қатысты сұрағына жауап берді. 

Пандемия кезеңіндегі видеороликтер әртүрлі форматта дайындалды. Бірінші кезеңде пандемияға адамдар күмәнмен қарады. Ол ахуалдың қиындап кетуіне әкелді. Бастапқы кезеңде қорқыту роликтері болды. Бірақ барлығы қорқыту роликтерінен тұрады дегенге келіспеймін. Осындай жұмыстар жалғаса береді. Әрбір азаматтың мойнында өзінің денсаулығына деген жауапкершілік бар. Сондықтан барлық санитарлық талапты сақтап, тойлардан бас тарту керек. Той қауіпті десе де, 300-500 адамнан той жасап жатқандар да бар. Бұл - жауапсыздық. Әрқайсымыз қоғамдағы ахуалға жауап береміз. Қазіргі роликтердің барлығы қорқынышты емес. Халықты сақтандыру мақсатында әзірленіп жатыр, - деді ол.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Балаева бірігетін мемлекеттік БАҚ-тарды атады.
Өзгелердің жаңалығы