Бас жаңалықтар
Балаева Құрбан айт мерекесімен құттықтады
31 Шілде 2020, 10:46 260

Балаева Құрбан айт мерекесімен құттықтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Құрбан айт мерекесімен құттықтады.

Қасиетті Құрбан айт мерекесі құтты болсын! Соңғы айларда біздің өміріміз күрт өзгерді. Біз де өзгердік. Бүгінге дейін мән берілмеген көп құндылық: денсаулық, жақындарымыздың амандығы, қарапайым қарым-қатынас ең басты әрі қымбат құндылықтар екенін өмір бізге тағы бір рет дәлелдеді, - деді ол. 

Министр бұрын менталитетімізге сәйкес, күнделікті тіршілікте қарапайым дүние тәрізді болып есептелген кейбір әрекеттеріміз бүгінде ереже бұзушылық болып саналатынын айтты. 

Яғни, эпидемиологиялық ахуалды қадағалау үшін еңгізілген ережелер – қонаққа бару, адамдармен араластығымызды азайту, мерекелік және дәстүрлі шараларды атқару бағытында белгіленген жаңа ережелер талабын орындау қазір аса маңызды. Бірақ замана талаптары өзгерсе де – ізгілік, махаббат пен адамгершілік, достық пен келісім мәнгілік қымбат құндылықтарымыз болып қала береді. Сіздерге ашық аспан, зор денсаулық, туыстарыңыз бен жақындарыңызға осынау қиын кезеңді абыроймен өткізуге күш жігер мен қажымас қайрат тілеймін. Құрбан айт қабыл болсын, - деді Балаева.


Фото: дереккөз
Загрузка...