Балаева: Экология саласында арнайы жобаларды жүзеге асыру керек

Балаева: Экология саласында арнайы жобаларды жүзеге асыру керек
1333

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева экологиялық білімге қатысты өткен онлайн брифинг барысында айтты.

Экологиялық проблемалардан бас тарту мүмкін емес. Себебі, ол қоғам үшін маңызды тақырыптардың бірі. Жақында болған жағдайлардың барлығы қоғамдық және құқықтық, рухани емдеуді қажет ететін әлеуметтік диагноз екенін көрсетті. Біз экологиялық білім беру мәселесіне көп көңіл бөлдік. Осыған дейін де бірқатар дөңгелек үстел өтті. Отырыстардың аясында бірқатар шешім қабылданды. Экология саласында арнайы жобаларды жүзеге асыру керек. Экологиялық мәселелерді шешуге қатысатын экологиялық ұйымдардың саны әлі де көп емес. Осы бағытта жұмыс істейтін ҮЕҰ -ның саны 170-ті құрап отыр. Бұл тіркелген үкіметтік емес ұйымдардың тек 3,3 пайызын құрайды, - деді Балаева. 

Министр атағандай, бізде экобелсенділер көп. Олар қызықты әрі тиімді жобаларды ұсынуға дайын. 

Біз қоғамдық бақылау тетігін күшейтуді нығайтуға мүдделіміз. Пандемия кезінде ол өзінің тиімділігін көрсетті. Кәсіби экологтардан құралатын топ тиімді жұмыс істеуге дайын екенін көрсетті. Экологиялық тақырып бойынша ақпараттық жұмысты жандандыру керек. Онда тек терең медиа материалдар ғана емес, экологиялық журналистиканың дамуына ерекше көңіл бөлінеді. Әрине, елде қоршаған орта бойынша айтылады, жазылады. Олардың санын арттыру керек. Қоршаған ортаны тек әрбір адамның мектеп кезінен бастап алған тәрбиесінің негізінде сақтауға болады. Расында да, мұндай мәдениеттің бастауы білім мен тәрбиеде жатыр. Өкінішті, бірақ қалада өсіп жатқан балалардың ішінде қарапайым қой мен ешкіні білмейтіндер мен шөп пен тікенді ажырата алмайтындар көп. Бұл, әрине, ежелден табиғатпен бірге өсіп, аң-құстың киесін құрметтеген, жеті қазынасына қосқан халықтың ұрпағы үшін үлкен сын. Сондықтан да эко-білім мен мәдениетті ең алдымен мектептен бастау керек, - деді ол. 

Айта кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 10 шілдедегі Үкімет отырысында мектептерде экология пәнін енгізу қажеттігін айтқан болатын.

Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: дереккөз
Өзгелердің жаңалығы