Балаева: Қазақ елі тағы бір төбесі биік тарланынан айырылды

31 Наурыз 2021, 16:30
1719
Бөлісу:
Балаева: Қазақ елі тағы бір төбесі биік тарланынан айырылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Шот-Аман Уәлиханның қазасына байланысты көңіл айтты.

Бұл туралы ол Facebook-тегі парақшасында жазды.

89 жасқа қараған шағында Қазақстан Елтаңбасының авторы, танымал мүсінші, белгілі архитектор Шот-Аман Уәлихан ағамыз дүние салды. Сөз жоқ, бүгін осынау орны толмас қайғыға Шот-Аман ағамыздың отбасы, айнала-жақындарымен бірге оның тарихи тұлғасын әспеттеген бүкіл қазақ елі ортақтасып жатыр. Өйткені, асыл ағамыз бойындағы бар ілім-білімі, тума таланты, зиялы болмысымен Ұлт келбетін айшықтаған ұлы еңбегін ұрпақтар еншісіне байлап, мемлекетіміздің мәртебесіне айналдырып кетті. Оның жарқын бейнесі ел есінде мәңгілік сақталады. Марқұмның топырағы торқа, жаны жанатта болсын, - деді министр.

Өзгелердің жаңалығы