Балаева Халықаралық көші-қон ұйымының Субөңірлік үйлестірушісімен кездесті

27 Қазан 2021, 14:33
1367
Бөлісу:
Балаева Халықаралық көші-қон ұйымының Субөңірлік үйлестірушісімен кездесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның Халықаралық көші-қон ұйымының (ХКҰ) Орталық Азия бойынша Субөңірлік үйлестірушісі, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Түрікменстандағы миссияның басшысы Зейнал Гаджиевпен кездесуі өтті, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.


Министр ведомствоның қызметімен, оның ішінде диаспоралдық саясат саласында жүргізіліп жатқан жұмыстармен таныстырды.

З.Гаджиев Қазақстанның көші-қонды басқарудың заманауи жүйесін құру жөніндегі кешенді міндеттерді шешудегі маңызды рөлін атап өтті.

Балаева Халықаралық көші-қон ұйымының Субөңірлік үйлестірушісімен кездесті

Тараптар өзара іс-қимылдың басым бағыттарын, оның ішінде әзірленіп жатқан «ҚР Үкіметінің шетелдік диаспоралармен өзара іс-қимыл бойынша күш-жігерін қолдау» жобасын талқылады.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар бір-бірін ағымдағы және жоспарланған іс-шаралар туралы хабардар етіп, ынтымақтастықты дамытуға дайын екендіктерін білдірді.


Өзгелердің жаңалығы