Балаева Facebook-пен келісім жасалмады дегендерге жауап берді

2 Қараша 2021, 11:04
864
Бөлісу:
Балаева Facebook-пен келісім жасалмады дегендерге жауап берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева «Facebook» компаниясының біріккен мәлімдемені теріске шығаруына қатысты пікір білдірді.

 

Бұқаралық ақпарат құралдарында Meta (Facebook) компаниясының Азия-Тынық мұхиты аймағы бойынша Өңірлік кеңсесінің коммуникациялар жөніндегі директоры Бен МакКонэхи мырзаның (Ben McConaghy) теріске шығарған мәлімдемесіне байланысты Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі келесіні хабарлайды. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі негізгі келіссөздерді Гонконг қаласында орналасқан Қытай, Моңғолия және Орталық Азия өңірі бойынша Meta (Facebook) компаниясының өңірлік офисімен жүргізді, - деп жазды министр өз парақшасында.

Сонымен қатар Аида Балаева БАҚ-та жарияланған шешімнің аймақтық кеңестің басшылығымен келісілгенін айтты.

 

1 қарашада жарияланған біріккен мәлімдеменің мәтіні мен оның БАҚ-та жариялануы аталған аймақтық кеңсенің басшылығымен толықтай келісілген болатын, - деді Аида Балаева.

 

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Facebook-пен келісімге келгені туралы хабарлаған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы