Балаева «Болашақ» түлектері қайда жұмыс істеп жатқанын айтты

24 Қараша 2021, 10:18
640
Бөлісу:
Балаева «Болашақ» түлектері қайда жұмыс істеп жатқанын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева «Тәуелсіздік ұрпақтары» республикалық жастар форумында айтты.

Тәуелсіздік жылдары ауқымды жұмыс атқарылды. 1993 жылы Тұңғыш Президент жарлығымен «Болашақ» халықаралық стипендиясы тағайындалды. Бағдарламаның арқасында 15 мыңнан астам жас әлемнің үздік университеттерінде білім алды. Бүгінде шетелден оқып келген түлектердің 54 пайызы мемлекеттік органдарда, 30 пайызы жеке секторда, 16 пайызы халықаралық ұйым мен ұлттық компанияларда қызмет етеді, - деді Балаева.

Министр 1992 жылы талантты жастарды қолдауға арналған «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы тағайындалғанын айтты.

Осы күнге дейін «Дарын» сыйлығын 296 жас құрметті сыйлықтың иегері атанды. Бүгін де «Дарын» сыйлығының жүлдегерлерін анықтаймыз. Жас ғалымдарды қолдау аясында жыл сайын арнайы сыйлықтар үйлестіріледі. Мемлекеттік жастар саясаты 2000 жылдан бастап тың серпін алды, - деді ол.
Балаева осы кезеңде «Жасыл ел», «Серпін», «Жастар тәжірибесі», «Дипломмен ауылға» жобалары іске қосылғанын айтты.
«Жасыл ел» бағдарламасы аясында 300 мың жас жұмыспен қамтылды. Бұл нәтижелі жоба одан әрі де жүзеге асырылады. 2025 жылға дейін бағдарлама аясында жыл сайын 30 мың жасты жұмыспен қамту жоспарланған, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы