Балаева АҚШ Елшілігінің өкілдерімен кездесті
PHOTO
08 Қараша 2021, 22:44 119

Балаева АҚШ Елшілігінің өкілдерімен кездесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева АҚШ-тың ҚР-дағы Уақытша сенімді өкілі Джуди Куомен кездесті.


30 жыл бойы Қазақстан мен АҚШ арасындағы достық қарым-қатынастар ұдайы өсу және нығаю жолында дамып келеді – деді министр.

Күн тәртібінде медиасфераны жаңғырту бойынша қабылданып жатқан шаралар, сондай-ақ террористік белсенді аймақтардан оралған азаматтарымызды оңалту мәселелері болды.

Кездесуге ҚР АҚДМ Ақпарат, Дін істері комитеттерінің өкілдері, сондай-ақ АҚШ Елшілігінің саяси мәселелер, БАҚ мәселелері бойынша жауапты қызметкерлері қатысты.

Сонымен қатар, А.Балаева QazForum қазақ тіліндегі контентті жасаушылардың V Форумын іске асырғаны үшін Джуди Куоға алғысын білдірді.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан мен АҚШ арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толу қарсаңында QazForum осы жылдың 5 қарашасында Нұр-Сұлтанда өткен болатын.


Фото: дереккөз
Загрузка...