Балабақшаға жолдама беретін жүйенің жұмысы уақытша тоқтатылды

10 Маусым 2019, 10:55
2067
Бөлісу:
Балабақшаға жолдама беретін жүйенің жұмысы уақытша тоқтатылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Балабақшаға жолдама алғысы келетін ата-аналар таңертеңнен бері аталған жүйеге кіре алмай жатыр. Бұл мәселеге қатысты білім басқармасы мәлімдеме жасады, деп хабарлады Елорда Инфо. 

Бүгін қаладағы мектепке дейінгі тәрбие беру ұйымдарына жолдама берілетіні туралы хабар таратылған болатын. Дегенмен, елордалықтар жолдама беру жүйесіне кіре алмаған. Қалалық білім беру басқармасы осы мәселеге қатысты мән-жайды түсіндіріп, мәлімдеме жасады.

«Құрметті қолданушылар, Нұр-Сұлтан қаласында мектепке дейінгі білім беру мекемелеріне жолдама беру жүйесінің жұмысы уақытша тоқтатылды. Түнгі уақыттан бері жүйеге шабуыл жасалуда. Бір уақытта 500 мыңнан астам адам жүйеге кіруге талпыныс жасауда. Қазір техникалық мамандар жұмыс жасап жатыр. Келтірілген ыңғайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз», - делінген ведомствоның хабарламасында. 

Қалалық білім басқармасы жүйе қайтадан іске қосылғанда алдын ала хабарлама жасайды.

Өзгелердің жаңалығы