Балабақшаға қабылдау қашан басталады

23 Мамыр 2020, 03:33
2201
Бөлісу:
Балабақшаға қабылдау қашан басталады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жаздың бірінші күні елордадағы барлық балабақша штаттық режимде жұмыс істейтін болады, деп хабарлайды "Хабар 24".

Мектепке баратын балалар тізімнен шығарылатындықтан, 15 мың орын босайды. 10 маусымнан бастап осы бос орындарға бөбектерді қабылдау жүргізіледі. Қалалық білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырованың айтуынша, орындардың 13,5 мыңы мемлекеттік және жекеменшік болса, қалғаны шағын орталықтарда қарастырылып отыр. Кесте bilim.astana.kz сайтында жарияланатын болады. Әзірге тәрбие ошақтарындағы кезекші топтар жұмыс істеп тұр.
18 мамырдан бастап меншік түріне қарамастан, барлық тәрбие ошақтары санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, өз жұмысын бастады. Алдымен баласын үйде қалдыруға мүмкіндігі болмаған ата-аналар үшін кезекші топтар іске кірісті. Қазір балабақшаларға 4134 бала келіп жүр. Бұл – жалпы тәрбие алушылардың 7,4%-ы, – деді Нұр-Сұлтан қаласы білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова.

Өзгелердің жаңалығы