"Бала еңбегін пайдалануға жол жоқ!"

2 Маусым 2020, 23:03
3324
Бөлісу:
"Бала еңбегін пайдалануға жол жоқ!"

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылғы 27 мамырда облыс әкімдігі бекіткен "Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн" Ұлттық ақпараттық науқанын ұйымдастыру және өткізудің іс-шаралар жоспарына» сәйкес, балалардың жазғы демалысы қарсаңында "Бала еңбегін пайдалануға жол жоқ!" ұранымен облыстық акция өтеді.

Облыста бала еңбегін пайдаланудың алдын алу, балалар мен ата-аналардың назарын балалар еңбегінің ең нашар түрлерін қолданудың алдын алу мәселелеріне аудару, сондай-ақ осы саладағы құқықтық ақпараттандыру мақсатында жоспарлы жұмыстар жүргізілуде.

Бала еңбегін реттейтін негізгі құжаттардың бірі Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі және "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, сонымен қатар "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі және Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi болып табылады.

Ақпараттық науқан мақсаты – Бала еңбегін пайдалану проблемасына қоғамның назарын аудару, бала еңбегін пайдалану проблемалары, оның масштабы мен сипаттары, балаға және қоғамға тигізетін әсері, сондай-ақ осы саладағы халықаралық және ұлттық заңнама негіздері туралы қоғамның, үлкендер мен балаларға ақпараттылығын арттыру – дейді Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасы басшысының орынбасары Талғат Жамалов.

2019 жылдың 23 мамыры мен 12 маусымы аралығында ұйымдастырылған акция шеңберінде 144 конференция, 179 семинар-тренинг, 212 дөңгелек үстел отырысы, 550 көрме, 224 кездесу,71 балалар дебат турнирі, 131 флеш-моб, 333 сурет байқауы, 405 шығарма байқауы ұйымдастырылған.

2019 жылғы 3-9 маусым аралығында Тараз қаласы мен аудандық білім бөлімінің мамандары, жергілікті атқарушы органдары, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мамандары, ішкі істер бөлімінің ювеналды полиция қызметкерлері, үкіметтік емес ұйымдар, ата-аналар және БАҚ өкілдерінің қатысуымен компьютерлік клубтар, интернет-кафелерді, мейрамханаларды, бар, сауда орындары мен түрлі меншік формасындағы кәсіпорындар тексеруден тыс қалмау және сағат 23.00 кейін кәмелетке толмаған балалардың заңды өкілдерінсіз сыртта жүруіне жол бермеу мақсатында 76 рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылып, 380 нысанға зерделеу жүргізілді – дейді басқарма басшысының орынбасары

2019 жылғы жүргізілген рейдтік тексерулер кезінде жасы 18-ге толмаған азаматтардың еңбек құқықтарының бұзылу фактілері анықталған жоқ.

Облыстық прокуратура, ішкі істер департаменті мен білім саласы қызметкерлері қатарынан 84 мобильді топ құрылып, оның құрамына 736 жауапты тұлғалар енгізілген (Байзақ ауданы – 5, Жамбыл – 5, Жуалы – 5, Қордай – 10, Меркі – 7, Мойынқұм – 4, Т.Рысқұлов – 5, Сарысу – 3,Талас – 4, Шу – 8, Тараз қаласында – 28). Олардың ұйымдастыруымен 257 іс-шара өткізілді. Іс-шараларға 65 623 оқушы қамтылған.

Осындай 47 колледжде мобильді топтар құрылған. Оның құрамына 285 жауапты тұлға енгізілген. Олар жыл ішінде 92 (27 кездесу, 31 дөңгелек үстел, 8 сауалнама, 20 рейд, 6 басқа да іс-шаралар) іс-шара өткізіліп, оған 13 мыңға жуық колледж студенті қамтылды. Жоспарға сәйкес, аталған акция 2020 жылғы 12 маусымда қортындыланады. Білім беру ұйымдарында алдын алу және оны болдырмау бағытында кешенді іс-шаралар өз жалғасын табады – дейді Талғат Жамалов.
Өзгелердің жаңалығы