Бас жаңалықтар
Қазақстандық 10 кәсіпорын Сауд Арабиясына бал экспорттайды – АШМ
28 Шілде 2021, 09:58 341

Қазақстандық 10 кәсіпорын Сауд Арабиясына бал экспорттайды – АШМ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еліміздің агроөнеркәсіп кешені саласындағы 2975 кәсіпорын өнімдерін Еуразиялық экономикалық одақ, Еуропалық Одақ, Қытай Халық Республикасы, Корея Республикасы, Өзбекстан Республикасы, Біріккен Араб Әмірліктері, Жапония, Түркия және Сауд Арабиясы елдеріне еркін өткізеді.

Биыл бал өндіретін және өз өнімдерін Сауд Арабиясы Корольдігіне экспорттауға дайын қазақстандық 10 кәсіпорын сол елдің тиісті реестріне енгізілді. 

Жыл басынан бері мал шаруашылығы өнімдерін жеткізуге құқығы бар 4 кәсіпорын, сүт өнімдерін сыртқа шығаруға әзір 3 кәсіпорын, балық және балық өнімдерін сақтайтын, қайта өңдеп, өткізетін 1 кәсіпорын Қытайдың бас кеден басқармасының тізіміне енгізілді, - делінген хабарламада.

Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Түркия тарапымен жүргізген жемісті жұмыстарының нәтижесінде осы елдің тізіміне теріні экспорттауға құқығы бар 4 кәсіпорын енгізілді. 

Министрліктің 2021 жылғы жоспарында осы нарықтарға шығаратын тауар түрлерін көбейтуді жалғастыру, сондай-ақ Еуропалық Одақтың, Түркияның, және Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің жаңа нарығын игеру көзделіп отыр.


Фото: дереккөз
Загрузка...