Балқашта өртенген үйден екі баланы көршісі құтқарып қалды

19 Ақпан 2019, 13:29
1465
Бөлісу:
Балқашта өртенген үйден екі баланы көршісі құтқарып қалды

Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Кеше Балқаш қаласындағы тұрғын үйлердің бірінен өрт шыққан. Өз өмірін қатерге тіккен ер адам жалын шарпыған пәтерге кіріп, 4-5 жастағы екі баланы құтқарып қалды.

«Балқаш-1» станциясындағы үш қабатты тұрғын үйдегі пәтерлердің бірінен өрт шыққандығын өрт сөндірушілерге көршілері xабарлаған. Үйде балалардың бар екендігін білген көршісі құтқарушылар келгенге дейін жанып жатқан пәтерге терезе арқылы кіруге бел буады. Ер адам оттың ортасынан 4 және 5 жастағы екі баланы алып шыққан. Олардың ата-анасы оқиға болған уақытта үйде болмаған.

 «18 ақпан күні 13 сағат 50 минутта кезекші бөлімге өрт жайлы xабарлама түскен. Екінші қабаттағы пәтерден түтіннің шығып жатқандығына алаңдаған көршілері өрт сөндіру қызметіне қоңырау шалады. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер 15:04-те өртті ауыздықтады. Жалын екі бөлмелі пәтердегі жиһаздар мен үй-жай заттарын, ағаш есіктерді шарпыған. Өрт 10 шаршы метр аумақты қамтыды. Тілсіз жаумен күресуге 3 арнайы теxника мен 14 құтқарушы жұмылдырылды», - дейді Қарағанды облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі Жанна Дәуренбекова.

Ведомство мәліметінше, өрттің шығуына балалардың отпен ойнауы себеп болуы мүмкін.

Жібек Мұқашева

Өзгелердің жаңалығы