Балқаш зауытында жұмысшы қайтыс болды

4 Қаңтар 2019, 11:23
2441
Бөлісу:
Балқаш зауытында жұмысшы қайтыс болды

Астана, baq.kz. Қайғылы оқиға 1-қаңтарда болған. Бұл туралы жергілікті Оrken-Media телеарнасы хабарлайды.

Балқаш мыс қорыту зауытында 54 жастағы жұмысшы бөлім шеберінің тапсырмасымен анодты пеште жұмыс істеп жүрген. Технологиялық процесті жүзеге асыру барысында металл қорытушы пештің қабырғасы мен кранның тұмсығы арасында қысылып қалған.

Болған жағдайды бөлім шеберіне краншы жеткізген. Зардап шегуші қаладағы орталық ауруханаға жеткізілді. Жұмысшы жан сақтау бөлімінде көз жұмды.

Жағдайдың мән жайын анықтау мақсатында арнайы комиссия құрылған.

«Оған мемлекеттік еңбек инспекторы, Балқаш мыс қорыту зауытының директоры, комиссия мүшесі Айбеков, кәсіподақ өкілі Оспанов кірді. Бүгіннен бастап, болған жағдай бойынша материалдар жинақталуда. Куәгерлермен, болған оқиғаны көзімен көрген азаматтармен сөйлесеміз», - деді Қарағанды облысы еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасының бөлім басшысы Ақниет Абжатов.

Өзгелердің жаңалығы