Ниязов 8 ай ішіндегі жемқорлыққа қарсы жұмыс нәтижелерін айтты

22 Қыркүйек 2021, 18:05
4130
Бөлісу:
Ниязов 8 ай ішіндегі жемқорлыққа қарсы жұмыс нәтижелерін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департамент басшысының бірінші орынбасары Бақытжан Ниязов мәлім етті.

Ниязовтың айтуынша, жүргізіліп отырған жұмыстар азаматтардың мемлекеттік органдарға сенімін арттыруға сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жедел ден қоюға бағытталған.

8 ай ішінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және профилактикасы 2 бағытты қамтыды. Негізгі бағыты ретінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу, сонымен қатар сыбайластыққа қарсы мәдениет және парасаттылық қағидаттарын қалыптастыруға мән берілді.

Оның мәлімдеуінше, осы айға дейін департамент қоғамдық денсаулық сақтау мен жұмыспен қамту және әлеуметті қорғау басқармасы секілді мекемелерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне қатысты сыртқы талдау жүргізген.

Жүргізілген жұмыс қортындысы бойынша 58 ұсыныс әзірленді. Оның ішінде мемлекеттік сатып алу саласында 14 және нормативтік құқықтық актілерді өзгерту бойынша 16 ұсыным. Персоналды басқару бойынша 26 ұсыным жолданды. Бүгінгі таңда орындалған ұсыныстардың үлесі 75 пайызды құрайды.

Соныме бірге 8 ай ішінде 7 сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізілді. Олар көліктік бақылау, мемлекеттік сатып алу, проблемалық құрылыс нысандарының аяқталуы мен жүргізушілік куәліктерінің беруі бойынша жүргізілсе, қалғаны кешенді сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг болып табылады, - дейді ол.
Өзгелердің жаңалығы