Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәжілістің кулуарында Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов азық-түлік бағасы неліктен қымбаттап кеткені туралы қойылған сұраққа жауап берді.
Сондай-ақ ол ЕАЭО-ға кіргеніміз қателік болып, қымбатшылыққа әсер етті ме деген сауалға өз пікірін білдірді.
Бұл карантин шектеулеріне байланысты болып отыр. Сондай-ақ өндірушіден тұтынушыға баратын жолға дейінгі шығындар көбейіп, өзгеріп жатыр. Бұл - әлемдік құбылыс. Көршіліс елдерде де осындай жағдай. Картоп, қарақұмық және басқа да өнімдермен өзімізді 100% қамтамасыз етіп отырсақ та, экспорт пен импорттың көлемі бағаға әсер етеді,- деп жауап берді министр Бақыт Сұлтанов.
Одаққа кіргеніміз қателік болған жоқ. Өйткені біздің тауарларымыздың айналымы өсіп жатыр. Сонымен қатар тұтынушылар мен нарыққа жеткізу шығындарын азайтуға одақтың пайдасы зор, - деді Сауда министрі Мәжілістің отырысынан кейін кулуарда.Елімізде ет бағасы қымбаттағаны туралы осыған дейін жазғанбыз. Ал Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев әлеуметтік нанның бағасы бірден өспейтіні туралы айтты.