Бас жаңалықтар
Бакудегі халықаралық турнирде қазақстандық үш боксшы келесі кезеңге өтті
28 Наурыз 2019, 10:22 343

Бакудегі халықаралық турнирде қазақстандық үш боксшы келесі кезеңге өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әзербайжанның Баку қаласында бокстан «Жібек жолы» халықаралық турнирінің алғашқы жарыс күні аяқталды. Бұл туралы ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Бірінші күні рингке шыққан төрт қазақ боксшының үшеуі жеңіске жетті. Атап айтар болсақ, Абай Қуандықов, Сабыржан Бекбергенов және Алмасбек Әлібековтер келесі кезеңге жолдама алды. 

Өкінішке қарай, Нұрлан Сабыров жарысты әрі қарай жалғастыра алмайды. 

Еске сала кетейік, Бакудегі турнирге бас бапкер команданың екінші және үшінші нөмірді боксшыларын аттандырған болатын.

Загрузка...

Сізден жаңалық