Бас жаңалықтар
«БАҚ лиганың» екінші маусымы басталды
13 Қараша 2021, 13:02 124

«БАҚ лиганың» екінші маусымы басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін елордада волейболдан БАҚ өкілдері арасындағы «БАҚ лиганың» екінші маусымы басталды.

Чемпионатты Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры толыққанды ұйымдастырып отыр.

Біріншілікке 12 команда қатысуға өтініш берген.


Бір жарым айға созылатын жарыс еліміздің Туризм және спорт индустриясын қолдау қорының 10 жылдық мерейтойы мен ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналады.



Биыл алғаш рет ұйымдастырған бірінші маусым ерекше қарқын алды. Бүгін сайыстың екінші маусымы басталды. «БАҚ лиганың» басты мақсаты - тілшілер арасындағы әріптестік пен достықты нығайту. Яғни журналистердің тимбилдингі үшін таптырмас орта қалыптастыру. Қазіргі таңда BAQ liga бір отбасына айналып отыр, - дейді «БАҚ лиганың» ұйымдастырушысы Әзиз Жұмәділ.

Оның айтуынша, валейболдан журналистер лигасына 12 команда қатысады. Командалар алты-алтыдан бөлініп, екі топта өзара іріктеу өткізеді. Кейін топтан алдыңғы 4 команда плей-оффқа шығады.

Турнирге тек БАҚ өкілдері қатысуы керек. Сырттан келген жалдалмалы азаматтарға тыйым салынған. Біз лиганы бастамай тұрып журналистер арасында қатаң тексеріс жүргіземіз. Бұл жерде әріптестерім бір нәрсені түсінуі керек. Бұл турнир - БАҚ мамандарының өзара байланысын нығайтуға арналған жарыс ортасы, - деді ұйымдастырушы.



Фото: автордан
Загрузка...