BaigeNews.kz «Very nice!» бейнероликтер байқауын жариялады

28 Қазан 2020, 17:30
1676
Бөлісу:
BaigeNews.kz «Very nice!» бейнероликтер байқауын жариялады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. BaigeNews.kz редакциясы Қазақстан туралы ең үздік «Very nice!» бейнеролигіне байқау жариялады. 

«Борат» фильмі қоғамда резонанс тудырып, қазақстандықтардың ашуын келтірді. Ал фильмдегі «Kazakhstan. Very nice!» сөйлемі көпшіліктің назарын аударды. Қазақстанның қаншалықты «nice» екенін дәлелдейік! Қазақстан туралы үздік бейнероликке байқау жариялаймыз, - деді байқауды ұйымдастырушылар.  
Байқау шарттары: 

- Кең байтақ отанымыз туралы қалауыңызға қарай видео түсіру:

- Оны Instagram әлеуметтік желісінде #KazakhstanVeryNice хештегімен жариялау;

- Instagram-дағы @baigenews парақшасын белгілеу.

Байқау жеңімпазы baigenews_kz телеграм каналында дауыс беру арқылы таңдалады. Инстаграм парақшаңыз ашық болуы керек. Байқау қорытындысы 1 желтоқсанда белгілі болады. Топ жарып шыққан авторды соңында сыйлық күтіп тұр, - деп қосты ұймдастырушылар.

Естеріңізге сала кетейік, 23 қазанда Prime Video сервисінде «қазақстандық журналист Борат» туралы комедияның жалғасы шығып, оның жарналамық кампаниясында қазақстандық тудың қолданылуы ел азаматтарының ашуын тудырған болатын. Олар әлеуметтік желіде «Мен туымды мақтан етемін» флешмобын ұйымдастырып, ту аясында түскен суреттері мен жалынды жазбалар жариялаған болатын. Өз кезегінде «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы «Борат-2» фильмін турист тарту мақсатында пайдалануды жөн көріп, «Very Niсe!» жарнамалық кампаниясын іске қосқан болатын.

Өзгелердің жаңалығы