Бахытжан Тұрсынов: Мемлекет басшысының әрбір шешімі орынды
11 Қаңтар, 22:53 381

Бахытжан Тұрсынов: Мемлекет басшысының әрбір шешімі орынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл пікірді Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқытушысы Бахытжан Тұрсынов айтты.

Жалпы соңғы уақытта орын алған оқиғалар отыз жылдық тарихымызда қасіретті кезеңнің бірі болып тарих беттеріне жазылары анық. Бұл жерде экономикалық және материалдық шығыннан бөлек, еліміздің Конституциясында көрсетілген ел үшін ең құнды – адам капиталы, яғни адам шығынының болуы. Бүлікшілердің тәртіпсіздігі көптеген қайғылы оқиғаларға алып келді. Өйткені бәріміз отбасымыздың қабырғасын қайыстыратын, күнде жаңалық қарап үркіп шошитындай кездерді бастан кештік. Бұл еліміз үшін барлық әлемдік қауымдастық үшін де сабақ болатыны сөзсіз, – деді Тұрсынов.

Ол мемлекет пен халықтың арасындағы диалог құру кезін лаңкестік топтар пайдаланып кеткенін атап өтті.

Бүлік шығарған лаңкестік топтың әрекеті ел өңірлеріне көп зардап тигізді. Мен өз басым жастар өкілі ретінде бейбіт шеруді қолдаймын. Өйткені біздің Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев халық үніне құлақ асатын мемлекет саясатын қалыптастырып келе жатқан жайы бар. Сондай-ақ бейбіт шеруге де рұқсат берген болатын, – деді ол.

Тұрсыновтың сөзінше, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың әрекеті ел тәуелсіздігі мен тұтастығын сақтап қалуға бағытталған.

Мемлекет басшысының жасаған әрбір әрекеті орынды. Дер кезінде шешім қабылдағанын бәріміз де аңғардық. Өйткені Алматы қаласын лаңкестерден босату үшін жасалған антитерорлық операция сәтті жүзеге асты. Сондай-ақ интернет желілерін сөндіру және төтенше жағдайдың дер кезінде енгізілуі барлық жағдайдың тұрақталуына өз септігін тигізді. Өздеріңіз білетіндей, интернет желілерде арандатушылыққа итермелейтін ақпараттардың, бейнематериалдардың көп болғанын білеміз. Сонымен қатар бұл кезеңде біздің еліміз бұл оқиғада өз бірлігін көрсете алды. Сақтандыру шаралары мен қатар үгіт-насихат жұмыстары белсенді түрде жүргізілді. Полиция қызметкерлерінің ерен еңбектерінен бөлек басқа да қызмет түрлері қоғамдағы берекені сақтау мақсатында үлесін қосты деуге болады, – деді Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқытушысы Бахытжан Тұрсынов.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...