Бағдат Мусин жаңа ұлттық цифрлық жобамен таныстырды

29 Қазан 2021, 13:05
64471
Бөлісу:
Бағдат Мусин жаңа ұлттық цифрлық жобамен таныстырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Цифрландыру, ғылым және инновациялар есебінен технологиялық серпіліс» ұлттық жобасы» тақырыбында өткен брифингте айтылды.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Мемлекет басшысы Жолдауының аясында айтылған тапсырмасына сәйкес, «Цифрландыру, ғылым және инновациялар есебінен технологиялық серпіліс» ұлттық жобасы бекітілгенін мәлім етті.

Жоба мақсаты – елімізді заманауи мемлекетке айналдыру. Цифрлық трансформация арқылы тиімді мемлекеттік басқаруды және сенімді деректер негізінде шешімдер қабылдауды, сондай-ақ цифрлық дәуірде инфақұрылымды тиімді әрі қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз етіледі. Елдің әлеуметтік дамуына ғылымнның үлесі арттыру. Алға қойылған міндеттер осы, - деді Бағдат Мусин.

Ол Ұлттық жоба 10 бағыттан, 226 тапсырмадан, 44 көрсеткіштен және 211 іс-шарадан тұрады. Олардың іске асырылуы 2025 жылға дейін жоспарланғанын айта кетті.

Ұлттық жоба екі блокка бөлінген ол цифрлық транформация және екіншісі ғылым блогы. Цифрлық транформация блогында – қызметтерді 5 минут ішінде көрсету, IT саласын дамыту сонымен қатар халық үніне құлақ асатын тиімді мемлекет құру. Қолайлы өмір сүруге арналған цифрлық құралдарды қолдану, технологиялық және инновациялық дамыту сондай-ақ сапалы интернет пен ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағыттарынан тұрады, - деп атап өтті министр.
Өзгелердің жаңалығы