Бағдадтағы американдық базаға шабуыл жасалды

16 Ақпан 2020, 11:23
1441
Бөлісу:
Бағдадтағы американдық базаға шабуыл жасалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коалиция күштерінің Бағдадтағы әскери базасына зымырандық соққы берілген болуы мүмкін. Al Arabiya телеарнасы Багдадтағы АҚШ елшілігінің жанында бірнеше зымыран құлағанын хабарлады. 

Зымырандар "жасыл аймаққа" құлаған деген ақпарат бар. 

France Presse агенттігі американдық әскери дереккөзге сілтеме жасай отырып, елшілікте ескерту сиреналары естілді деп хабарлайды. Қанша зымыран атылғандығы және қандай нысанаға тигені туралы мәлімет әзірге жоқ.

Зардап шеккендер мен келтірілген зиян туралы ресми дерек тіркелмеді.

Өзгелердің жаңалығы