Бас жаңалықтар
4 центнерге жуық бағалы балық тәркіленді
05 Наурыз 2019, 11:55 173

4 центнерге жуық бағалы балық тәркіленді

Астана, BAQ.KZ. «Жағалау күзеті» Өңірлік басқармасының «Иса Батыр» катеріне мінген теңіз шекарашылары 4 центнерге жуық бағалы балық тәркіленді, деп жазады ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.

Каспий теңізінің 46.48 солтүстік ендігі мен 51.42 шығыс бойлығы аумағындағы «Пешной» бұғазының маңында «Урал» мотоцикліне мінген үш қазақстандықты ұстады. Мотоциклдың жүксалғышынан 377 кг бағалы балықтар мен бірнеше ау, құралдар табылды. Тәркіленген балық актіленіп «Тілекші» ЖШС-ына тапсырылды. Ұсталған азаматтардың үстінен ҚР ҚК 335 бабының 3-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалатын болады. Мемлекетке келтірілген шығын - 1 142 310 теңге деп есептелінді.

Сондай-ақ «Ақтау теңіз порты» аумағында теңіз шекарашылары шетелдік кемелердің бірінің капитанының көмекшісінен, оның баскиіміне жасырылған, есірткі заттарына жататын «Methadone» таблеткаларын тауып алды. Ұсталған шетелдік - «бұл таблеткаларды тісім ауырғанда қолданамын» деп ақталмақ болған.

Сізден жаңалық