«Baby park», қарттарға арналған йога. Ауылдарда өмір салты қалай өзгеріп келеді

7 Қыркүйек 2021, 18:04
2806
Бөлісу:
«Baby park», қарттарға арналған йога. Ауылдарда өмір салты қалай өзгеріп келеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгінгі таңда елдің барлық өңірінде «Ауылдағы азаматтық бастамаларды дамытуға бағытталған іс-шаралар кешенін ұйымдастыру» атты ауқымды республикалық жоба жүзеге асырылып жатыр. Оның шеңберіне бастамалардың бәрі гранттық қаражат есебінен іске асырылады.

ҚР Қоғамдық даму және министрлігінің тапсырысы бойынша шағын гранттар конкурсы ауылда тұратын халықтың бүгінгі таңда неге мұқтаж екенін көрсеткен. Мәселен, ауылды жерлердегі өмірді жақсартқысы келетін осы конкурстың 60 жеңімпазы 500 000 теңгеден алып, өз идеяларын жүзеге асырып жатыр. Ол үшін олар «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ ұйымдастыратын жеке вебинарларда қажетті оқытудан өткен.

«Ауылдағы азаматтық бастамаларды дамытуға бағытталған іс-шаралар кешенін ұйымдастыру» жобасының үйлестірушісі Салтанат Кенжебекованың айтуынша, бұл елдегі өңірлердің бәрін қамтиды. Ол өзінің кіші отанын гүлдендіруге үлес қосуға ниетті азаматтардың саны өте көп екенін айтады.

433 өтінімнің ішінде конкурстың ережесіне сәйкес келетін 254-і таңдалып алынды. Өтінімдердің басым көпшілігі Ақтөбе (57) облысынан түсті. Одан кейінгі орындарда Қызылорда (39), Алматы (28), Шығыс Қазақстан (26) облыстары тұр. Осыдан кейін сарапшылар комиссиясы 60 жеңімпаз айқындалды. Олардың көбі – ауыл тұрғындарына қажетті әзірлемелер. Белсенділердің өздерінің кіші отанына үлес қосқысы келетіндері қуантады, - дейді жоба үйлестірушісі.

Мәселен, Ақтөбе облысы Алға ауданынан бастамашыл топтың көшбасшысы Розалия Ибрагимова «Карамелька» атты балалар дәмханасын ашпақ.

Алған ақшасына зейнеткер сырғанақтар, алтыбақандар, батуттарды алып, аниматорларды шақырмақ.

Балалар мен жасөспірімдердің ойнайтын, туған күндерін атап өтетін жері жоқ. Сондықтан қызыммен және немереммен бірге біздің «Лакомка» отбасылық дәмханасының жанында кішкентай келушілерге бөлме жабдықтауды шештік, - дейді екінші топтағы мүгедектігі бар әйел.

Дәл осы облыстың Байғанин ауданынан Аржақ Орынбасарова өзінің кіші отанында экотуризмді дамытуды көздеп отыр. Осылайша ол Байғанин ауданының бірнеше ауылын қамтымақ.

Бізде қонақтарға көрсетуге болатын көрнекті орындарымыз жетерлік,. Мәселен, Ақтолағай бор тауы мен Аққұмның өзі қандай керемет, - дейді бойжеткен.

Грант қаражаты арқылы ол белсенділер тобымен бірге палаткаларды, қозғалмалы үстелдерді, орындықтарды, проектор мен басқа да қажетті құралдарды сатып алмақ.

Ал Мұғалжар ауданының тәжірибелі еріктілерінің бірі Әлішер Бердібаев «Ваву park» жобасын ұсынып, конкурста жеңіске жетті. Бұл идеяны ол Қайыңды ауылдық округінде іске асыра бастады. Айтуынша, жерлестерінің 90 пайыздан астамы балалардың бос уақытын ұйымдастыруды армандайды. Батут, сабын көпіршігі генераторы, балмұздақ пен сусындары бар «Ваву park» бір уақытта 200-ге жуық баланы қабылдай алады.

Түркістан облысы Сайрам ауданы Ақсукент ауылының белсенділері йогаға мұқтаж жүзден астам қарт әйелді тартпақ. Сондай-ақ Қарағанды облысы Шет ауданы Кеншоқы ауылының тұрғыны Асхат Амангелдіұлы қарапайым жобаны жүзеге асыруды ұсынып отыр. Оның пайымдауынша, тұқымы таза жануарларды сақтап, көбейту үшін тазы тұқымды иттерге арналған алғашқы паналау орнын құрудың уақыты келген. Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Бәйтерек ауылында экология мәселелері көтеріліп жатыр. Ержан Әжімолдаев табиғатты қоқыстан тазартып қана қоймай, адамдарды үнемділікке үйрету үшін қалдықтарға екінші өмір сыйлауды ұйғарған.

Бұл өтінім берілген жобалардың аз ғана бөлігі. Тіпті осылардың өзімен ауылдағы бастамалардың әртүрлілігі мен өзектілігін бағалауға болады. Белсенді азаматтық ұстанымы бар адамдар жерлестеріне не қажет екенін көріп, идеяларын қоғамға енгізуге дайын. Жобаларды іске асыру үшін «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ гранттары көптеген ауыл тұрғынының өмірін нақты өзгертеді. Сонымен қатар жыл сайын олардың саны едәуір артады. Егер 2020 жылы ауылда азаматтық бастамаларды дамытуға 10 грант бөлінсе, биыл шағын гранттарды 60 ҮЕҰ жеңіп алды, - деп атап өтті «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ Басқарма төрағасы Лима Диас.

Орталықтан атап өткендей, азаматтық бастамаларды қолдау үшін гранттық қаржыландыру ары қарай жалғасын табады.

Өзгелердің жаңалығы