БАӘ-мен ынтымақтастық электр энергетикасына жаңа инвестициялар тартуға ықпал етеді – мәжілісмен

27 Қазан 2021, 17:27
60270
Бөлісу:
БАӘ-мен ынтымақтастық электр энергетикасына жаңа инвестициялар тартуға ықпал етеді – мәжілісмен

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Электр энергетикасы инвестициялық ынтымақтастықтың негізгі бағыттарының бірі болып табылатын Біріккен Араб Әмірліктерімен үкіметаралық келісім Қазақстан үшін үлкен басымдықтарды қамтиды. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Дүйсенбай Тұрғанов екі ел арасындағы келісімге қатысты өзінің пікірін айтты.

Депутаттың айтуынша, бүгінгі таңда елдің пандемиядан кейінгі дамуы жағдайында электр энергетикасы сияқты стратегиялық салаларға инвестициялар тарту - бұл, тұтастай алғанда, Қазақстанның инвестициялық климатына, отандық кәсіпкерлікті дамытуға және ұлттық экономиканың негізгі салаларына озық әлемдік технологияларды тартуға оң әсер ететіні сөзсіз.

Қазір еліміз жаңа Экологиялық кодекске сәйкес ең озық қолжетімді технологияларға көшеді. Сондықтан келісім шеңберінде стратегиялық жобаларды іске асыруды қамтитын мүмкіндіктер елімізге «жасыл» экономиканы белсенді дамытуға, қоршаған ортаға теріс әсер етумен күресуге мүмкіндік береді, - деді Дүйсенбай Тұрғанов.

Депутат атап өткендей, мұның бәрі жаңартылатын энергия көздері үлесінің артуына, жалпы алғанда электр энергетикасының технологиялық деңгейінің ұлғаюына ықпал ететін болады.

 

 

 


Өзгелердің жаңалығы