БАӘ-де алғашқы астронавт әйел таңдалды

11 Сәуір 2021, 17:48
1697
Бөлісу:
БАӘ-де алғашқы астронавт әйел таңдалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Біріккен Араб Әмірліктерінің премьер-министрі шейх Мұхаммед бен Рашид Әл-Мактум ғарышқа аттанатын алғашқы араб әйелінің есімін атады. Ол Нура Әл-Матруши, деп хабарлады премьер-министр өзінің Twitter-де.

Нура Әл-Матруши және тағы бір астронавт Мұхаммед әл-Мулла 4000-нан астам үміткердің арасынан таңдалып алынған. Ғарышкерлер NASA Джонсон ғарыш орталығында оқитын болады.

БАӘ-ден шыққан алғашқы астронавт әйел 1993 жылы дүниеге келді. Машина жасау бакалавры дәрежесі бар. Ұлттық мұнай құрылыс компаниясында инженер болып жұмыс істейді. Әл-Матруша-америкалық инженер-механик қоғамының мүшесі. БАӘ ғарыш орталығының қысқа бейнесінде оның ғарышқа деген құштарлығы жас кезінде басталғаны айтылған.

БАӘ-нің алғашқы астронавты Хазза Әл-Мансури 2019 жылы ғарышқа аттанды. Ол сегіз күнді Халықаралық ғарыш станциясында өткізді.

Осы жылдың ақпан айында БАӘ алғаш рет өзінің "Аль-амал" спутнигін Марс орбитасына шығарды.

2024 жылы ел айға ұшқышсыз ғарыш кемесін жіберуді жоспарлап отыр. БАӘ сонымен бірге 2117 жылға қарай Марста адам колониясын құру туралы өршіл мақсат қойды.

Өзгелердің жаңалығы