БАӘ-де 3 жастан асқан балаларды вакцинациялауға рұқсат етілді

3 Тамыз 2021, 10:05
2954
Бөлісу:
БАӘ-де 3 жастан асқан балаларды вакцинациялауға рұқсат етілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Біріккен Араб Әмірліктері (БАӘ) үш жастан асқан балаларға Sinopharm Қытай вакцинасын салуға рұқсат берді. Бұл туралы Reuters хабарлады.

Тиісті шешімді Денсаулық сақтау министрлігі Абу-Дабидегі 900 еріктіні сынақтан өткізгеннен кейін қабылдады. Осыған қарамастан, зерттеу нәтижелері әлі жарияланған жоқ.


БАӘ Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, тамыздың басында халықтың 78 пайыздан астамы бұл шамамен 9 миллион адам вакцинаның алғашқы дозасын алды. Вакцинациялау жұмысы 70 пайыз орындалды.



Өзгелердің жаңалығы