Бас жаңалықтар
«Бақытты отбасы»: 1600 пәтер дайын тұр
17 Маусым 2019, 22:35 303

«Бақытты отбасы»: 1600 пәтер дайын тұр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі 2 пайыздық үстемеақымен несие беруді келесі аптада бастауы мүмкін. Бұл туралы аktobenews.kz сайты хабарлайды.

Ақтөбе қаласы бойынша «Бақытты отбасы» бағдарламасы аясында кеңес беру жалғасып жатыр. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкті облыстық филиалы директорының орынбасары Жанболат Кауменовтың айтуынша, екі аптада 1500-ден астам адам пәтер алудың жолын білген.

«Кәмелет жасқа толмаған төрт және одан да көп баласы бар немесе білім алып жүрген баласы 23-те келмеген болса олар бағдарламаға қатыса алады. Толық емес отбасы, мүмкіндігі шектеулі бала бағып отырған да пәтер ала алады. Баспанасы болмауы, табыс көзі әр адамға шаққанда 42 500 теңгеден аспағаны дұрыс. Несие 19 жылға беріледі. Бастапқы жарна – 10 пайыз. Ақтөбе облысы бойынша пәтер бағасы 10 миллион теңгеден астауы тиіс. Адамдар жаңа салынған үйден немесе қолданыстағы пәтерден, жеке тұрғын үйден ала алады», - деді Жанболат Кауменов.


Фото: дереккөз

Сізден жаңалық