Бақыт Сұлтанов ардагерді 100 жылдық мерейтойымен құттықтады

29 Сәуір 2019, 20:45
2273
Бөлісу:
Бақыт Сұлтанов ардагерді 100 жылдық мерейтойымен құттықтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласының әкімі соғыс ардагері Александр Торкинді 100 жылдық мерейтойымен, сондай-ақ алдағы мерекемен құттықтады. Қазіргі уақытта ел астанасында Ұлы Отан соғысының 71 ардагері тұрады. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Бақыт Сұлтанов Александр Петрович Торкинді 100 жасқа толуымен құттықтады. Әкім Александр Петровичке соғыс жылдарында көрсеткен ерлігі үшін алғыс айтып, оған зор денсаулық пен амандық тіледі.

«Біріншіден, бұл – ұмытылмас күн. Бұл – үлкен іс! Мен Жеңіс күні сынды ұлы мерекелердің болғанына қуаныштымын. Барлық қазақстандықтарға ашық аспан мен отбасыларыңызға амандық тілеймін!», – деп атап өтті ардагер.

Александр Петрович Торкин 1919 жылы 29 сәуірде Пензен облысындағы Владыкино ауылында көпбалалы отбасында дүниеге келген. 20 жасқа дейін екі арнайы білім алып, педагог ретінде жұмыс істеген. 1939 жылдан 1945 жылдың тамыз айына дейін Қарулы Күштер қатарында болса, 1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысы майданына қатысып, Мәскеуден Кенигсбергке дейінгі жолды жүріп өтті.

Әскерден кейін Александр Петрович белсенді жұмысқа кірісті. Жұмыстан қол үзбей, жоғары білім алып, 17 жылдан астам әртүрлі ведомстволарда басшылық лауазымдарда жұмыс істеді. 1945 жылдың қыркүйек айынан бастап ҚазКСР Әділет министрлігінің әртүрлі басқарушы бекеттерінде, ал 1956-1962 жылдары Ақмола облыстық сотының төрағасы, 20 жыл «Целинэлектросетьстрой» трест басқарушысының орынбасары қызметін атқарды. 

Ардагер бүгін екі ұлы мен қызынан он жеті немере мен шөбере сүйіп отыр. «Қызыл Жұлдыз» ордені, 1-ші және 2-ші дәрежелі Отан соғысы ордені, «Мәскеуді қорғағаны үшін», «Ерлігі үшін», «Польшаны азат еткені үшін», «Кенигсбергті алғаны үшін» медальдарымен, ҚазССР Әділет Министрлігінің құрмет төсбелгілерімен марапатталған. 
Өзгелердің жаңалығы