БАҚ өкілдері арасында футболдан турнир басталды

5 Қаңтар 2019, 17:25
1527
Бөлісу:
БАҚ өкілдері арасында футболдан турнир басталды

Астана, baq.kz. Бүгін Астанада БАҚ өкілдері арасында футболдан «Нұрорда» кубогі басталды.

«Хабар 24» арнасының мәміметінше 12 команда 4 күн бойы бас жүлдені сарапқа салатын болады. Жарыс жеңімпаздары Өзбекстан еліндегі тарихи мұралармен танысуға мүмкіндік алады. Ұйымдастырушылар бұл турнирді алдағы жылдары дәстүрлі түрде өткізуді жоспарлап отырғандарын айтады.

Ашылу салтанатынан кейін алаңға «Хабар 24» пен «Қазақстан» арналарының командалары шығып, кездесу «Хабар 24» командасының жеңісімен аяқталды. Қорытынды есеп: 4:3.

Өзгелердің жаңалығы