B12 дәрумені тапшылығын қан талдауынсыз қалай анықтауға болады?

5 Шілде 2021, 15:15
6343
Бөлісу:
B12 дәрумені тапшылығын қан талдауынсыз қалай анықтауға болады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. B12 - адам ағзасындағы ең маңызды дәрумендердің бірі. Бұл дәрумен жүйке жүйесінің дұрыс істеуін қамтамасыз етумен қатар, қан құрамындағы эритроциттердің түзулуінде де үлкен жұмыс атқарады.

В12 витаминінің көп бөлігі балық , құс еті, сүт өнімдері мен жұмыртқада кездеседі. Әсіресе бауыр, скумбрия және сиыр еті оларға бай. Дегенмен, көптеген адамдар B12 жетіспеушілігінен зардап шегеді. Олардың қатарында қарт адамдар, вегетариандықтар, диабетпен ауыратын жиі кездеседі.

Осы дәрумен жетіспейтін адамдарда ең алдымен-терінің түсі өзгереді. B12 тапшылығы бар адамдарда ол өте бозғылт немесе сарғыш реңкке ие. Терінің бұл жағдайы қызыл қан клеткаларының жетіспеушілігімен байланысты, өйткені олар билирубиннің артық мөлшерін тудырады. Денедегі бұл заттың көп мөлшері тері мен көзге сарғыш реңк береді.

Тұрақты әлсіздік пен шаршау B12 жетіспеушілігінің нақты белгілері. Қан құрамында эритроциттер дұрыс түзілмегендіктен жасушаларға оттегі тиісті деңгейде тасымалданбайды. Оның жетіспеушілігімен гипоксия дамып, адам үнемі басы айналып, ұйқышылдыққа тап болады.

В12 дәруменінің тағы бір ерекшелігі - жүйке талшықтарын қорғау. Ал жетіспеушілік болған кезде жүйке жүйесінің жұмысы бұзылады. Бұл белсенді заттың ұзақ уақыт жетіспеушілігі үйлестіру проблемаларына және жүріс-тұрыстың өзгеруіне әкелуі мүмкін, бұл әсіресе қарт адамдар үшін қауіпті.

Сирек жағдайларда, B12 жетіспеушілігімен оптикалық нерв зақымдалып, содан кейін көру қабілеті төмендеп, көз бұлыңғырланады. Көрудің мұндай үдемелі төмендеуі оптикалық нейропатия деп аталады. Импульстардың көзден миға берілуінің бұзылуы осындай кері әсерлерге әкеледі.

Тіпті көңіл-күйдің өзгеруі де ағзадағы В12 дәруменінің жетіспеушілігімен байланысты. Бұл витаминнің созылмалы жетіспеушілігі тіпті ауыр депрессияға немесе деменцияға әкелуі мүмкін.

Мамандардың айтуынша, дененің жағымсыз иісі, тәбеттің төмендеуі, арқадағы ауырсыну және тұрақты бас ауруы да осы дәруменнің жеткіліксіздігінен болуы мүмкін.

Егер сіз осы белгілерді байқасаңыз, осы маңызды элементтің жетіспеушілігін уақытында диагностикалау үшін дәрігерге қаралған дұрыс. Сондай-ақ B12-ге бай тағамдарды тұтынып, асқазан-ішек жолдарының жағдайын бақылауда ұстаған жөн.

Өзгелердің жаңалығы