Сағынтаев қаза тапқан полицейлердің отбасына пәтер кілтін табыстады

12 Қазан 2021, 14:18
5358
Бөлісу:
Сағынтаев қаза тапқан полицейлердің отбасына пәтер кілтін табыстады

Алматы, BAQ.KZ. Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев сот орындаушысымен бірге барып, қаза тапқан полицейлердің отбасыларымен кездесті.

Кездесу барысында қала әкімі отбасына көңіл айтып, пәтер кілтін табыстады. 

Полиция капитаны Нұрбол Байғазиев ішкі істер органдарында 2014 жылдың қыркүйегінен бастап қызмет етті. 2021 жылдың 28 шілдесінен бастап Алатау аудандық ПБ жанындағы полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы қызметін атқарды. Оның артында 5 және 7 жастағы екі баласы қалды.

Полиция майоры Дархан Сүлеев ішкі істер органдарында 2003 жылдың қаңтарынан бастап қызмет етті. 2021 жылдың 20 тамызынан бастап Алатау аудандық ПБ жанындағы полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы қызметін атқарды.
Оның артында кәмелетке толмаған бес баласы қалды, олардың ең кішісі – 4, үлкені – 16 жаста. Байғазиевтің отбасы сияқты оның да жеке тұрғын үйі болған жоқ.

Өзгелердің жаңалығы