Бас жаңалықтар
Бүркітші қыз Айшолпанды Өскемен қонаққа шақырады
24 Қаңтар 2019, 09:59 775

Бүркітші қыз Айшолпанды Өскемен қонаққа шақырады

Астана, BAQ.KZ. Бүркітші қыз Айшолпанды Өскемен қонаққа шақырады. Бұл туралы altaynews.kz сайты хабарлайды.

2019 – жастар жылы болып жарияланғаны белгілі. Осыған байланысты Өскеменде «Жібек Жолы жастары» атты фестиваль өтеді. Іс-шара жазға жоспарланып отыр. Фестивальде қолөнер шеберлерінің көрмесі ұйымдастырылып, ұлттық спорт түрлерінен жарыс өтеді. Сондай-ақ, қалалықтар бұл күні көрмеде тазы иттер мен бүркіттерді тамашалай алады.

Әлемге танылған, қазақтың құсбегілік өнерін танытқан Айшолпан Нұрғайыпқызы аталмыш фестивальдің арнайы қонағы болады деп жоспарлануда.

Сізден жаңалық