Бас жаңалықтар
БҚО-да Өзбекстан азаматынан вирус анықталды
09 Сәуiр 2020, 11:41 114

БҚО-да Өзбекстан азаматынан вирус анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Батыс Қазақстан облысында COVID-19 инфекциясын жұқтырған соңғы 2 науқас туралы Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы хабарлады. 

Халықаралық жүк тасымалдаумен айналысатын Өзбекстан Республикасының азаматтарында Ресей Федерациясымен шекарадағы автоөтпел бекетіндегі санитарлық-карантиндік бақылаудан өту кезінде санитарлық-карантиндік бақылау қызметкерлері сауалнама жүргізу және қашықтықтан термометрия жүргізу кезінде азаматтардың бірінде температураның жоғарылауы тіркелді. Аталған азаматтар іс-әрекеттер алгоритміне сәйкес оқшауланып, жедел жәрдем қызметі шақырылды. Барлық эпидемияға қарсы іс-шараларды сақтай отырып, аталған азаматтар провизорлық стационарға жеткізіліп, коронавирустық инфекцияға талдау жасалды - делінген хабарламада.

ПТР зерттеу нәтижелері бойынша COVID-19 диагнозы нақтыланды. Қазіргі уақытта науқастардың жағдайы қанағаттанарлық,  облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды.

 Барлық байланыста болған адамдар дер кезінде оқшауланып, медициналық бақылауға алынды. Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді. 

 09.04.2020 ж. жағдай бойынша Батыс Қазақстан облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында коронавирусты инфекциямен барлығы 4 адам тіркелді. 


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...