Бас жаңалықтар
БҚО-да су тасқынының алдын алу жұмыстары жалғасуда
20 Наурыз 2019, 22:47 632

БҚО-да су тасқынының алдын алу жұмыстары жалғасуда

Астана, BAQ.KZ. Батыс Қазақстан облысында қар қалың жауды. Биылғы жылы облыс аумағында өткен жылмен салыстырғанда аномальды қар түсті, бұл құбылыс 30 жыл бұрын орын алған. Бұл туралы Батыс Қазақстан облысы ТЖД хабарлады.

Бүгінгі таңда облыс аумағында қар жамылғысы шамамен 50% құрайды. Қардың орташа биіктігі 14 см (қардың ең жоғарғы биіктігі – 54 см). Тоңның орташа қалыңдығы 20 см. Кейбір өзендерде, соның ішінде Жайық өзенінде жағалауда мұздың еруі байқалады. Деркөл, Шаған өзендерінде мұздың қалыңдығы шамамен 35 см.

Соңғы көрсеткіштер бойынша өзен бассейндеріндегі ылғал қорының көлемі нормадан 32 %- ға артық.

2019 жылғы су тасқыны кезеңінде төтенше жағдайлардың алдын алу жоспарына сәйкес барлық аудандарда және облыс орталығында қар шығару жұмыстары жүргізілуде. 1 млн 441 мың текше метрден астам (2018 жылы – 301 мың т.м.) қар және 33284 текше метр (2018 жылы – 883 т.м.) көлемінде еріген су шығарылды. Қар шығару былтырғы көрсеткіштен 6 есе артық. Бұл бағытта жұмыстар жалғасуда.

Су тасқынына қарсы шараларды жүргізу барысында Деркөл және Шаған өзендерінде 23900 шұңқыр жасалып, 194 мың шаршы метр жалпы аумақта мұз кесу жұмыстары жүргізілді.

Республикалық маңыздағы автожолдарда - 470, облыстық және аудандық маңыздағы жолдарда – 1112 құбыр бар. Жол арқылы су басуы ықтимал жерлер белгіленіп, бақылауға алынды (республикалық – 35, жергілікті – 62). Автожолдардағы су өткізетін құбырларды ашу жалғасуда (республикалық – 415, облыстық – 431, аудандық – 465). Жұмыстар аптаның аяғына дейін аяқталады.

Облыс бойынша – 50, Орал қаласы бойынша - 28 уақытша орналастыру эвакуациялық пункттері белгіленді.

Барлығы 2443 жеке құрамы, 707 техника, 51 жүзу құралы, 266 мотопомпа әзірленген. Коммуналдық техникалардан өзге алдын алу жұмыстарына қосымша бірқатар жеке құрылыс және жол мекемелерінің техникасы жұмылдырылуда.

Жалпы алғанда, барлық күш пен құрал көктемгі су тасқынына дайын.


Загрузка...