БҚО-да соңғы 3 жылда алғаш рет қызылша жұқтыру дерегі анықталды

11 Ақпан 2019, 22:33
1398
Бөлісу:
БҚО-да соңғы 3 жылда алғаш рет қызылша жұқтыру дерегі анықталды

Астана, BAQ.KZ. Батыс Қазақстан облысында соңғы үш жылда алғаш рет қызылша жұқтыру дерегі тіркелді. Бұған дейін аймақта аталған ауру түрі 2015 жылы анықталған. Қазір 39 жастағы науқас әйел дәрігерлердің бақылауында. Бұл туралы 24kz сайты хабарлайды.

Ол осыдан 10 шақты күн бұрын баласын емдету мақсатында Астанада болған. Оралға келгеннен кейін қызуы көтеріліп, тамағы қатты ауырған соң емханаға қаралыпты. Кейін денесінде бөртпе дақтары пайда болған науқас дереу жұқпалы аурулар ауруханасына жіберілді. Облыста қызылшаға қарсы екпе жеткілікті. Жылдам таралатын аурудың алғашқы белгілері дене қызуы көтеріліп, теріде бөртпе пайда болады. Көз, құлақ пен мұрын және тамақ ауырады. Ал жуырда денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов қараша айынан бері елімізде қызылша жұқтырудың 1400 дерегі анықталғанын мәлімдеді.

«Қазіргі таңда науқас облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында ем алып жатыр. Тәулік бойы дәрігерлердің бақылауында, жағдайы тұрақты. Қызылша ауруын анықтау өте қиын. Оның инкубациялық кезеңі 14 күнге дейін созылады, кейде одан да көп», - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынова.

Өзгелердің жаңалығы