Бас жаңалықтар
БҚО-да санитарлық талаптарды бұзған 18 кәсіпкер жауапкершілікке тартылды
08 Тамыз 2020, 07:50 138

БҚО-да санитарлық талаптарды бұзған 18 кәсіпкер жауапкершілікке тартылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Батыс Қазақстан облысында санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 4 заңды және 18 жеке кәсіпкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды "Хабар 24".

5 шілдеден бастап осы күнге дейін ережені елемегендерге қатысты 351 хаттама толтырылған. Кейбір қызмет көрсету орындарының карантин кезінде де жұмысын жалғастырғаны анықталып отыр.
Дезинфекциялық және жеке санитарлық қорғаныш құралдарының болмауы, көп адам жиналатын шара өткізу, қоғамдық орында бетперде кимеу, түнгі уақытта жеке көлігімен себепсіз жүру секілді кемшіліктер әлі де тыйылмай отыр. Жалпы сомасы 22 миллион 265 мың 670 теңгеге толтырылды. Оның ішінде 4 протокол заңды тұлғаларға, 14-і жеке кәсіпкерлерге, 26-сы сол нысандарда жұмыс істейтін жеке тұлғаларға және 303 хаттама жеке тұлғаларға толтырылды. Олар 23:00-ден кейін жеке көліктерімен себепсіз жүргені үшін толтырылды. Біздің статистиканы көтеретін сол 23:00-ден кейін жеке көлікпен жүрген адамдар, - деді облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бд басшысының орынбасары Руслан Шазадаев.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...