БҚО-да инсультқа қарсы орталық ашылды

1 Желтоқсан 2019, 09:48
2571
Бөлісу:
БҚО-да инсультқа қарсы орталық ашылды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақжайық аудандық аурухана базасында жасақталған инсульт орталықтың ашылу салтанаты өтті.

Мереке қарсаңындағы шараға облыс әкімі  Ғали Есқалиев қатысып, аудан халқының қуанышымен ортақтасты. Салтанатты шарада сөз алған Ғали Нәжімеденұлы, жиналғандарды мерекелерімен құттықтап, толайым табыстар тіледі. 

WhatsApp Image 2019-11-30 at 21.55.19 (1).jpeg

Еліміз егемендік алғалы халық қамы үшін көптеген игі істер атқарылып келеді. Солардың бірі аудандық ауруханадан ашылғалы тұрған инсульт орталығы. Осы жерде облыстың Ақжайық, Бөкейорда, Жәнібек, Жаңақала және Казталов аудандары медициналық қызмет алатын болады. Қызмет көрсету радиусы 124 мың 783 адамды құрайды, - деді өңір басшысы. 

WhatsApp Image 2019-11-30 at 21.55.19.jpeg

Медицина саласының ардагері Рауза Шайденқызы да өз саласының өткені мен бүгініне тоқталып, қол жетіп жатқан биіктің бәрі ел саясаты мен көшбасшылардың көрегендігі екендігін тілге тиек етті. Аудан ақсақалдарының атынан сөз алған Науқан Есеналиев болса, жергілікті дәрігерлердің жұмысына алғыс білдіріп, орталықтың ашылуы қазіргі таңда белең алған инсульт ауруын болдырмауда  жасалған уақытылы әрі оң қадам екенін айтты. 

WhatsApp Image 2019-11-30 at 21.55.20 (1).jpeg

Салтанатты шарадан соң өңір басшысы Ғали Есқалиев пен еңбек ардагері Еділбай Меңдешев ашылғалы тұрған инсульт орталығының лентасын қиып, ұжыммен тілдесті. Компьтерлік томография аппаратының жұмысымен жіті танысып шыққан облыс басшысы, күні бүгінге дейін облыс орталығынан ақылы көрсетіліп келген қызмет түрі келер жылдан бастап, медициналық сақтандыру арқылы аудан халқына тегін жасалатыны үлкен жетістік екенін айтты. 

WhatsApp Image 2019-11-30 at 21.55.20.jpeg

Олыстық бюджет арқылы жалпы құны 348 млн теңгеге жабдықталып, жаңадан жұмысын бастағалы тұрған орталық 10 төсекке жоспарланған, яғни, 7 орын ерте уақытта оңалту және 3 төсек қарқынды терапеяға арналған. Сонымен қатар, орталықтың жұмысы үшін құны 27 млн. 709 мың теңге тұратын аппараттар алынып,  жаңа кіші операциялық зал мен экспресс-зертхана ашылмақ.  Болашақ инсульт орталығында қызмет ету үшін екі дәрігер қайта даярлаудан өткен екен. Сондай-ақ, аурухана стационарына талапқа сай жөндеу жұмысы жүргізіліп, компьютерлік томография аппаратын орнатылыпты. 

Айта кету керек, 2019 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша инсульт аурушаңдығы 48,8 пайызға, осы дерт салдарынан өлім-жітім көрсеткіші 12,5 пайызға артқан.  

Өзгелердің жаңалығы