БҚО-да екі Өзбекстан азаматынан вирус анықталды

10 Сәуір 2020, 09:27
1443
Бөлісу:
БҚО-да екі Өзбекстан азаматынан вирус анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Батыс Қазақстан облысында COVID-19 инфекциясын жұқтырған 2 жағдай тіркелді, деп хабарлайды Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы.

Коронавирустық инфекция табылған екі азамат та жүк тасымалымен айналысатын 25 және 27 жастағы Өзбекстан Республикасы азаматтары. Ресей Федерациясының Самара облысымен шекарадағы "Сырым" автоөткеліндегі санитарлық-карантиндік бекетте эпидемиолог мамандармен қашықтық термометрия және сауалнама жүргізу кезінде, азаматтардың бірінде дене қызуының көтерілуі анықталды. Аталған азаматтар іс-әрекет алгоритміне сай оқшауланып, жедел жәрдем көлігі шақырылды. Барлық эпидемияға қарсы іс-шараларды сақтай отырып, аталған азаматтар провизорлық стационарға жеткізіліп, коронавирус жұқпасына талдау жасалды. ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша COVID-19 диагнозы нақтыланды. Қазіргі уақытта облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында жеке бокстарға орналастырылды, – делінген хабарламада.

Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынды.

Ауру ошақтарында эпидзерттеу жұмыстары, "Ұлттық сараптама орталығы" БҚО бойынша филиалы дезинфекция орталығы мамандарымен дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді.

10.04.2020 жағдай бойынша аймақта COVID-19 коронавирустық инфекцияға шалдыққан барлығы 6 адам облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына ем алуда.


Өзгелердің жаңалығы