БҚО-да ауа райына байланысты жолдар жабылды

1 Наурыз 2019, 22:23
1592
Бөлісу:
БҚО-да ауа райына байланысты жолдар жабылды

Астана, BAQ.KZ. Батыс Қазақстан облысында ауа райының қолайсыздығына орай жолдар жабылды.

БҚО ТЖ департаментінен түскен мәлімет бойынша бірқатар жерлелде бұрқасын көтеріліп, желдің жылдамдығы секундына 20 метрге дейін жеткен, деп жазады «Хабар24»

Осыған байланысты республикалық маңызы бар Переметный - РФ шекарасы, Қазталов - Жәнібек - РФ шекарасы жолдарында барлық көлік түрлері үшін қозғалысқа шектеу қойылды.

Сонымен қатар Тасқала - Аққурай - Болашақ және басқа облыстық жолдар да жабылып жатыр. Қолайсыз ауа райы ертең де сақталады. Кей жерлерде бұрқасын, тұман, көктайғақ болып, оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетуі ықтимал.

Орал қаласында да бұрқасын жүріп, тұман түседі, көктайғақ болады. Желдің екпіні секундына 17 метрге дейін күшейеді.

Өзгелердің жаңалығы