Бас жаңалықтар
БҚО-да 32 білім беру нысаны күрделі жөндеуден өтеді
04 Тамыз 2020, 14:54 231

БҚО-да 32 білім беру нысаны күрделі жөндеуден өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Облыс педагогтарының ІТ құзыреттілігін арттыру, түрлі интернет платформаларды пайдалану, білім алушылармен кері байланысты тиімді ұйымдастыру мақсатында оқыту семинарын өткізу жоспарланды. Бұл туралы БҚО білім басқармасының басшысы Айгүл Мыңбаева өңірлік коммуникациялар қызметінде айтты.

Пән мұғалімдерін әдістемелік қолдау мақсатында барлық пәндер бойынша тірек конспектілер мен бейне контенттер дайындалуда.Облыстың 12 262-і педагогі Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігімен ұйымдастырылған қашықтан оқыту мәселелеріне арналған курстармен қамтылды,- деді ол. 
Ол атағандай, 2020-2021 оқу жылына оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз ету мақсатында жергілікті бюджеттен 2 839,5 млн теңге қаражат бөлінді, оның ішінде 39,3 млн теңге тасымалдауға қарастырылған. Қазіргі таңда оқулықтарды тасымалдау жұмыстары жүргізілуде.
Биыл 32 білім беру нысанын күрделі жөндеуге 9,4 млрд теңге бөлінді, - деді ол.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...