Бас жаңалықтар
БҰҰ-ның жол қауіпсіздігі жөніндегі арнайы өкілі Алматыға келді
17 Қыркүйек 2019, 20:50 434

БҰҰ-ның жол қауіпсіздігі жөніндегі арнайы өкілі Алматыға келді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. БҰҰ-ның жол қауіпсіздігі жөніндегі арнайы өкілі Жан Тод Алматы қаласына жұмыс сапарымен келді. Бұл туралы сыртқы саясат ведомствосынан хабарлады.  

Сапар барысында ол БҰҰ-ның жаңа ғимаратын аралады және бұл БҰҰ өкілінің жаңа ғимаратқа осындай дәрежедегі алғашқы келуі болып табылады. Ғимаратты аралау барысында БҰҰ-ның арнайы өкілі Қазақстан Республикасының жаңа ғимарат негізінде БҰҰ Өңірлік хабын құру туралы бастамасымен таныстырылды және осы бастаманы ол оң қабылдады.

Оның пікірінше, Қазақстан ұйымның маңызды серіктесі болып табылады және жол қауіпсіздігін жақсарту мақсатында жаһандық серіктестікті дамытуға күш салады. Сондай-ақ, Қазақстан орнықты даму мақсаттарынның іске асыруын тек өзінің елінде ғана емес, сонымен бірге Орталық Азия өңіріне де назар аударады.

БҰҰ ғимаратынан кейін Ж.Тодт Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевпен, содан кейін №90 орта мектептің негізіндегі орта білім өкілдерімен кездесті.


Фото: дереккөз
Загрузка...