Бас жаңалықтар
БҰҰ-ның жеті қызметкері коронавирустан қайтыс болды
19 Мамыр 2020, 11:25 96

БҰҰ-ның жеті қызметкері коронавирустан қайтыс болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жалпы Біріккен Ұлттар Ұйымы жүйесінде соvid-19 жұқтырудың 520 расталған оқиғасы тіркелген.

Коронавирус тудыратын ауру салдарынан БҰҰ-ның жеті қызметкері қайтыс болды және қазіргі уақытта 520 адам індет жұқтырған. Бұл туралы кеше БҰҰ бас хатшысының ресми өкілі Стефан Дюжаррик видеобрифингте хабарлады.

Жексенбі күні бізге БҰҰ жүйесіндегі 520 расталған оқиға туралы хабарлады. Америкада 147 оқиға, оның ішінде Нью-Йоркте 78 жағдай тіркелген, - деді ол. 

Өлім-жітім туралы айта келе Стефан Дюжаррик "өкінішке қарай, олардың саны жетіге жетті" деп атап өтті. Ол сондай-ақ қайтыс болғандардың арасында Нью-Йоркте Хатшылықтың бір қызметкері, ДДҰ-ның бір қызметкері және ЮНИСЕФ-тің бір қызметкері бар екенін айтты. 

Бұған дейін БҰҰ-да коронавирустың пандемиясы көптеген елде гуманитарлық апат пен аштық тудырады деп мәлімдеген.

Джон Хопкинс университетінің соңғы мәліметтері бойынша, коронавирусты жұқтырғандардың саны әлемде 4,78 миллионнан асты, 317 мыңнан астам адам қайтыс болды және 1,7 миллион адам сауығып кетті.


Фото: дереккөз
Загрузка...