Бұл мереке бейбітшілік пен бірлік құндылықтарын қастерлейді - Назарбаев

11 Тамыз 2019, 09:38
1778
Бөлісу:
Бұл мереке бейбітшілік пен бірлік құндылықтарын қастерлейді - Назарбаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады, деп хабарлады elbasy.kz.

"Құрметті отандастар!

Сіздерді Құрбан айт мерекесімен құттықтаймын!

Құрбан айт – әлемдегі бүкіл мұсылман қауымы үшін қасиетті мейрам, жақсылықтың, қайырымдылық пен кеңпейілділіктің символы. 

Бұл мереке бейбітшілік, бірлік және келісім сияқты жалпы адами құндылықтарды қастерлеуге үндейді.

Құрбан айт және басқа да діни мейрамдар қоғамда рухани-адамгершілік негіздерін нығайтуға септігін тигізетіні және ізгі ниет пен игілікті амалдар арқылы көрініс табатыны қуантады.

Осы мейрамда айтылған игі тілектеріңіздің бәрі орындала берсін!

Барша қазақстандықтарға зор денсаулық, бақ-береке тілеймін!", - делінген құттықтауда.

Өзгелердің жаңалығы