Бұл дұрыс шешім болды, үйде отырып күйзеліп кеттік – Абылай Мырзахметов

27 Сәуір 2020, 14:23
2674
Бөлісу:
Бұл дұрыс шешім болды, үйде отырып күйзеліп кеттік – Абылай Мырзахметов
Президенттік қолдау

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі.Президент Тоқаевтың 11 мамырда Қазақстанда төтенше жағдай режимі аяқталады дегеніне қатысты "Атамекен" ҰКП басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов пікір білдірді.

Бұл - өте дұрыс шешім. Өйткені сарапшылардың бәрінің осыған дейін орта есеппен 15 мамырға дейін төтенше жағдай аяқталады деген болжамы болған еді. Президент 11 мамырдан бастап төтенше жағдай режимі аяқталатынын айтты. Бұл - жақсы хабар. Бірақ қауіп әлі бар. Ескеруіміз керек, - дейді Абылай Мырзахметов.

Тоқаев 1 мамырдан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында әуе рейстері іске қосылатыны айтқан болатын. Оның пікірінше, бәрібір де жауапкершілік қажет деп отыр. 
Осыған дейін медицина мамандары адамдардың арасындағы екі метрлік қашықтықтың сақталуы керектігін санамызға құйды. Өткенде "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорының атқарушы директорының өткен бейсенбіде айтқанын тыңдадық.Адамдар бұл ретте ұшаққа маска киіп келуі керек. Олардың температурасы өлшенеді. Менің ойымша, осы тәртіптің бәрін сақтау үшін бәлкім бір санитарлық төлқұжат па немесе санитарлық сертификат тапсыру мәселесін қолға алу керек болар. Өйткені жауапкершілікпен бірге оны қадағалайтын да ереже болуы тиіс. Осының бәрін тұтынушылар, оларға қызмет көрсетушілер, тауар сатушылар және кәсіпкерлер – бәріміз нақты сақтайтын болсақ, қауіпті дерттің әрі қарай асқынуына жол бермейміз, - деді палата төрағасы.

Оның айтуынша, кәсіпкерлер жұмыстарын жалғастыруға рұқсат сұрап жатыр екен.
Үйден отырып күйзеліп кеткен азаматтармен қатар кәсіпкерлер де көптеген сауалдармен шығып жатыр. "Біз дайынбыз, ережені сақтаймыз. Маска мен антисептик бәрін аламыз. Тек жұмыс істеуге мүмкіндік беріңіздер" деп жатқан кәсіпкерлер көп, - дейді Абылай Мырзахметов.


Өзгелердің жаңалығы