Бұл қаза коронавирустың қауіпті екенін көрсетті – Досмұхамбетов

4 Маусым 2020, 05:40
1249
Бөлісу:
Бұл қаза коронавирустың қауіпті екенін көрсетті – Досмұхамбетов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов өңірде коронавирус індетінен қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты.

Өкінішке қарай, екі жерлесіміз коронавирус инфекциясынан көз жұмды. Бірі – 1964 жылы, екіншісі —1951 жылы туған ер адам. Медициналық қызметкерлеріміз қолдарынан келгеннің бәрін жасады. Алайда, оларды қауіпті дерттен аман алып қала алмады. Марқұмдардың имандары саламат болсын, туған-туыстарына көңіл айтамын, – деп жазды облыс әкімі әлеуметтік желідегі парақшасында.
Сондай-ақ, ол коронавирус инфекциясының әлі де қауіпті екенін ескертті.
Құрметті жерлестер, бұл қаза коронавирус инфекциясының қаншалықты қауіпті екенін көрсетті. Бір сәт те босаңсымауларыңызды сұраймын. Маскалық режимді, әлеуметтік арақашықтықты сақтаңыздар. Санитарлық талаптар барша мекемелер мен нысандардың басты ұстанымына айналуы тиіс, – деп жазды Махамбет Досмұхамбетов.

Өзгелердің жаңалығы