Бөкенбай батырға ескерткіш орнатылды

17 Маусым 2019, 12:48
2666
Бөлісу:
Бөкенбай батырға ескерткіш орнатылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әуежай маңына Бөкенбай Қарабатырұлының ескерткіші қойылды. Бұл туралы аktobenews.kz сайты хабарлайды.

Сенбі күні Бөкенбай батырға арналған конференция өтіп, кейін арнайы ескерткіш ашылды. Ашылу салтанатына тарихшылар мен қоғам қайраткерлері, қала тұрғындары мен қонақтар және облыс әкімі Оңдасын Оразалин мен қала әкімі Ілияс Испанов қатысты.

«Халқының тәуелсіздігі үшін атқа мініп, соңына қалың жұртын ерте білген Бөкенбай Қарабатырұлы еді. Батыр бабамыз өмір сүрген XVIII ғасырдың басы қазақ халқының тағдырына сын болған, елдікті таразыға салған ауыр кезең. Сондай сын сағатта Бөкенбай бабамыз жер қайысқан қалық қол жинап, жоңғарларды елімізден қорғауға аттануы, оның болмысы бөлек тұлға, елін сүйген ер екенін білдіреді. Оның ерен ерлігі туралы қазақтың кемеңгер жазушылары Әбіш Кекілбаев, Мұхтар Мағауин өз шығармаларында барынша айшықты жеткізе білді. Қазіргі заманда Ирина Ерофеева ғылыми негіздер келдіріп, деректермен дәлелдеді. Бес қаруын сайлап, арғымақты арқыратып мінген алып тұрғалы атамыздың мүсіні қаланың бас қақпасы саналатын әуежай жолында орнатылып, бой көтеруі де кездейсоқ емес. Ол біздің рухымыздың, қазақы қалпымыздың жандануы, абыройымыздың асқақтауының белгісіндей. Өткеніміздің тіріліп, өшкеніміздің жануы деп білеміз», - деді облыс әкімі Оңдасын Оразалин.

Ескерткішті жазушы, кинодраматург Елубай Смағұлов, депутат Хабибулла Жақыпов, батыр ұрпағы Мұратбай Сүйінғараев, мемлекет және қоғам қайраткері Сапар Сағынтаев, Ақтөбе облысының құрметті азаматы Мәлік Жекеевке ашты.

«Халықтың басына сын сағаты соғатын кез болады. Сондай кезең XVIII ғасырдың басы еді. 1710 жылы сол сын сағат соқты. Яғни, қазақ ұлты қала ма, қалмай ма деген шақ еді. Халықтың көпшілігі, батырлар, билер, хандар, сұлтандар сағы сынып, Қарақұмда жиналып, әрі қарай не болатынын талқылады. Тағдыршешті сауалға жиналған кезде ел ағалары «жоңғарларға берілейік, басқа жол қалмады» деп ойлады. Алаштың туы жығылып жатқан тұста Бөкенбай батыр шығып, халықтың еңсесін көтерді. Қазір «егер Бөкенбай шықпай қалса, бағынышты ел болған кезде не болар еді» деп ойлағанда төбе шашымыз тік тұрады. Қазақтың тағдыры жолайлықта тұрғанда батыр күрес жолына бастап, халықты алып шықты», — деді жазушы Елубай Смағұлов.

Ескерткіштің ашылу салтанатына әнші Қыдырәлі мен Қарақат, Нұрболат Абдуллин келді.

Өзгелердің жаңалығы